Экология

Орман шаруашылықтарында заңбұзушылықтар анықталды

Облыс прокурорлары Орман кодексінің талаптарын өрескел бұзу фактілерін анықтады. Өңірде бірқатар орман пайдаланушы шарттық міндеттемелерін орындамаған, 534 гектер жерге ағаш екпей кеткен.
Осының бәріне орман шаруашылықтарының лауазымды тұлғалары көз жұма қараған. Аққайың, Булаев, Есіл, Пресновка, Жамбыл, Орлиногорск және Мамлют орман шаруашылықтарында жеке тұлғаларға ағаш сатуға қатысты орман билеттері заңда белгіленген нормадан көп көлемде берілген. Қадағалау органының актісі бойынша орман шаруашылықтарының 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 11 млн теңге көлемінде ормандарды молайту төлемі өндіріліп алынды. Сондай-ақ, әзірленген кешенді жоспар аясында жіберілген бұзушылықтарды жою шаралары қабылдануда.