Қоғам

Саясаткер әйелдер клубының отырысы

Саясаткер әйелдер клубына өңірде 60-қа жуық нәзікжанды мүшелік етеді. Ұйымның жетекшісі Зәуре Қартованың айтуынша оның дені – депутаттар. Ал әр депутат – ол белгілі бір саланың тұтқасын ұстаған білікті маман. Яғни, қоғамдағы мәселеден де хабардар, саясаттан да білері аз емес. Бүгін клуб мүшелері бас қосып, жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған мәселелерді талқылады.

ЗӘУРЕ ҚАРТОВА, СҚО әйелдер күштері альянсы саясаткер әйелдер клубының жетекшісі:

– Әлеуметтік саладағы жандарға көмек көрсету керек. Сонымен қатар, отбасыларға. Біздің көптеген әлеуметтік мәселелеріміз тек қана агротехнологиялық мәселелер емес. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдай, көпбалалы отбасылардың жағдайы. Біздің әйелдер саясаткер клубының ашық алаңында тек қана бұл мәселелерді емес, азаматтық қоғамның мәселелерін, Қазақстанда және солтүстікте гендерлік мәселелерді қарастырамыз.

Зәуре Қартованың айтуынша Саясаткер әйелдер клубының мақсаты – кадрлық резерв дайындау, саяси көшбасшылыққа бейімделген әрі саяси мәдениеті бар маман тәрбиелеу. Осы ретте “Әйелдердің саяси көшбасшылығы” деген мектеп құрылған. Қазір онда бірнеше нәзікжанды білім алып жатыр. Соның бірі – Қозыбаев университетінің студенті Дариға Смаилова.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің тыңдаушысы:

– Бүгінгі бізде – 4-ші күн. Бүгінгі біздің тақырып – “Әйел адам және саясат”. Бүгінгі біздің қозғалатын тақырып – өте маңызды тақырыптардың бірі. Өйткені, ол біздің еліміздің болашағын анықтайды деп кәміл сенемін.

Жиын соңында саясаткер әйелдер клубының мүшелері жыл бойына бағыт-бағдар болатын жұмыс жоспарын құрады.

 

Мәдина Қаби