Сықырлаған сары аязға қарамай Петропавлда қар күреп жүрген жандарға ыстық шай ұсынылды. Игі шараны ұйымдастырып отырған – қалалық жастар ресурстық орталығының волонтерлері. Оларда бойды жылытар сусыннан бөлек, қыздар жағы пісірген бауырсақ пен құймақ та бар. Барлығы – шаһардың аудандарында тер төккен 56 адам қамтылды. Орталық жетекшісі Дамир Әбдиннің айтуынша, мұндай акция алдағы уақытта жалғасын табады.
ДАМИР ӘБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
– Бүгін біз далада қызмет етіп жүрген жұмысшылардың көңілін аулаудамыз. Олардың жұмыстары оңай емес. Бұдан басқа баратын тағы 3 жер тұр. Олар: “Көктөбе” сауда үйінің маңайы, Қазақстан Конституциясы көшесінің бойы, облыстық әкімдік алды. Бауырсақ пен шайымыз бәріне жетеді.