Қоғам

Өңірде полиция қатарында 24 Ауған соғысының ардагері қызмет еткен

Кезінде Ауғанстанда мерзімді әскери қызметін өтеп, елге оралған соң солтүстікқазақстандық полиция қатарында 24 ардагер еңбек еткен. Бұл – 90-шы мен 2000-шы жылдардың аралығы. Бүгінде олар зейнетте. Жауынгерлік тәжірибесі бар ер азаматтар полиция қатарында да мінсіз қызмет еткен екен. Олардың бірқатары полиция департаментінде өткен жиынға қатысты. Кездесуге бір топ студент жас арнайы шақырылды. Мақсат – кейінгі буынның бойында патриоттық сезім ояту, бар сезімді дамыту.

УӘЛИХАН ШАМСУДИН, студент:

– Бұл жерде үш Ауған соғысының ардагері отырса, олардың әрқайсысының бөлек-бөлек тарихы бар. Оның әрқайсысының бөлек-бөлек бастарынан өткен және олардың Ауған соғысында болғандығы жайында әке-шешелері білмегені, келгеннен кейін бірақ білгенін және өздерінің алған жарақаттары, болған оқиғалар сол туралы мәліметтерді біліп отырмыз.

 

Мәдина Қаби