Петропавл тұрғыны банктен шалынған қоңырауға сеніп, 5 млн теңгесінен айырылды. Алаяқтардың жаңа тәсілінен сан соғып қалған теріскейліктер саны азаймай тұр. Соңғы кезде ұялы байланыс операторының қоңырау соғуы сынды жаңа алдау сценариі пайда болған. Олар адамды қорқытып, үлкен сомада несие алуға немесе ақшаның белгілі бір бөлігін қауіпсіз шотқа аударуға көндіреді. Жыл басынан бері облыста ақшасынан айырылып немесе несие арқалап кете барғандардың 30 фактісі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп.
Ақжүніс Мұқатай