Экономика және қаржы

СҚО-да заңды тұлғалар саны артты

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста заңды тұлғалардың саны 11431 бірлікті құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға көп екен. Оның 11 170-тен астамының жұмысшылар саны 100-ге жетпейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар – 9655, оның 9 400-ге жуығы – шағын кәсіпорындар болып саналады. Осы ретте саудаға да тоқтала кетейік, өткен жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында бөлшек сауда көлемі 375 млрд 125 млн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға көп. Көтерме сауда көлемі 504 млрд 855 млн теңгеден асқан. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 101,1%-ға көп.