Спорт

Апалы-сіңлілі Шумековалар әлем чемпионатында қос жүлде иеленді

Солтүстікқазақстандық конькишілер жарады. Ақпанның 9-ы мен 11-і аралығында Жапонияда жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге солтүстікқазақстандық спортшылар да қатысты. Атап айтсақ, командалық із кесу жарысында апалы-сіңлілі Кристина мен Алина Шумековалар және қостанайлық Алина Деген жүлдегер атанды. Сондай-ақ, Шумековалар спринтен күміс медаль еншіледі. Шалақындық қыздар ел намысын қорғауда сәтті өнер көрсетіп, кезекті мәрте биік тұғырдан көрінді. Жалпы, додаға әлемнің 20 елінен 130 спортшы қатысты.

 

Ақжүніс Мұқатай