Петропавлда көлік жуатын жердің жұмысшысы біреудің көлігін айдап әкеткен. Қала тұрғыны «Volkswagen» маркалы машинасын жууға қалдырған. Келсе құны 12 млн теңге тұратын мүлік ұшты-күйлі жоқ. Жоқты іздеуге шыққан полицейлер тіпті «Перехват» жоспарын ойластырған. Ұрланған көлік Жамбыл көшесінде тоқтатылды. Рөлге жармасып алған жігіт 28-де, мас болған.
Ол ӘҚБтК-ның 608-бабы бойынша 20 тәулікке қамауға алынды.
Әкімшілік жазаны өтегеннен кейін ҚК-ның 200-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Яғни, 7 млн теңгеден астам айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.
Мәдина Қаби