Ескінің орнын жаңасы басты! Петропавлда автобус паркі 5 темір тұлпармен толықты. Заманауи қоғамдық көліктер 31-ші маршрут бойынша жолаушы тасымалдауда. Айта кетейік, облыс орталығында тұрғындар мен қонақтар 18 бағытта қатынайды. Ал тасымалдаушы техника саны 185-ге жуықтайды. Көпке белгілі, қаламызға 21-ші жылдан бері 100 автобус сатып алынып, парк 51%-ға жаңарды. Шаһар билігінің хабарлауынша, алдағы уақытта қоғамдық көліктерді жаңалау жұмысы жалғасын табады.
БАУЫРЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, «Kyzylzhar Buses» ЖШС басшысы:
– Біз 2023 жылы «Dongfeng» маркасындағы 5 автобус сатып алып, саяжайларға қатынау сапасын арттырдық. Сонымен қатар, 8-ші маршруттағы 5 қоғамдық көлікті жаңасына ауыстырдық. Серіктестіктегі техника саны 80-ге жуықтайды. Бүгінгі таңда жылжымалы құрамның 90 пайызға жуығы жаңартылған.
Байболат Құлтанов