Құқық қорғау органдары

Сібір елігін заңсыз атып алған үшеу айыппұл төлейді немесе бас бостандығынан айырылады

Сібір елігін заңсыз атып алды деген күдікпен ұсталған айыртаулық – біреу және шалақындық қос азамат ірі көлемдегі айыппұл төлейді немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Екі жағдайда да тіркелмеген мылтықтар қолданылған. Ақпан айының басынан полиция қызметкерлері орман және аңшылық шаруашылықтарымен бірлесіп, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Облыстағы орман алқаптары мен су тоғандары күшейтілген түрде тексеріліп жатыр.

Александр Розбах, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:

– Полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мобильдік топтар құрды. Олар күн сайын заңсыз аңшылық фактілерінің жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Қазір аша тұяқты жабайы жануарларға аңшылық жасауға тыйым салынған. Мұндай фактілер анықталған жағдайда құқық бұзушылар заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады.

“Браконьер” жедел-алдын алу шарасы барысында, яғни 7 күн ішінде облыста 91 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 60-тан астамы – аңшылық, 21-і балық аулау қағидаларын бұзуға қатысты.

 

Мәдина Қаби