Қоғам

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай Заречный кентіндегі балалар мен жасөспірімдер клубында Ауған соғысы ардагерлеріне арналып концерт ұйымдастырылды. Жиналған қауымға ұл-қыздар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті.

ДАМИР АБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Здесь будут викторины. И каждому участнику будем дарить подарки за то, что они выступили, показали свои номера.

Интернационалист-жауынгерлердің есімі ұмыт қалмайды. Бақандай 10 жылға созылған ұрысқа 1,5 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қатысқан. Қазір 600-ге жуығының көзі тірі. Әскерге шақыртылып, медициналық комиссия тексерісінен сәтті өткен кезде Ауған жеріне жіберілетінімді бірден түсіндім дейді Асан Мұғалімов. Ер азамат ол кезде небәрі 18 жаста болған екен. Бөтен елдегі қақтығыс ортасында жүргенде әр күніміз қауіпке толы болды дейді.

АСАН МҰҒАЛІМОВ, Ауған соғысының ардагері:

– Ауғанға баратынымызды Қарағанды облысында тексерістен өткен кезде айтты. Өзбекстанда 3 ай бойы жаттығу өттік. Содан кейін Ауған жеріне алып кетті. Бара жатқан кезде бізге шабуыл жасалды. Содан бастап соғыса бастадық. Мина қойып, дұшмандарға қарсы күрестім.

79-шы жылы Ауған соғысына қазақ даласынан 22 мыңнан астам азамат аттанған. 900 сарбаз ерлікпен қаза тауып, 20-сы сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.

 

Гүлден Сембаева