Бұл – Қозыбаев университетінің 10-шы корпусындағы жатақхана.
Мұнда 200-ден астам адам тұрады. Студенттер үйіне бүгін “Жастар рухы” ұйымының мүшелері бастаған мониторингілік топ бас сұқты.
Бір бөлмеде 2-3 студенттен тұрады. Белсенділер жатақханадағы жағдайды жастардың өзінен сұрады.
– Жалпы, жатақхана қалай?
– Аяз кезінде жылы болды.
– Қандай мәселелер бар? Жатақхана, унверситет бойынша.
– Проблема жоқ. Корпустарға барып келуге ыңғайлы.
Кір жуатын және жуынатын бөлме белгілі бір кесте бойынша жұмыс істейді. Кітапхана бар. Белсенділер тіпті дәретхананың есігін ашып қарады. Бәрі таза. Нысанға қырлау-сырлау сияқты жөндеу жұмысы жыл сайын жүргізіліп отырады. Бұдан кейін мониторингілік топ
3-ші студенттер үйіне барды. Жатақхана 360 орындық, нақты 330 адам тұрады.
– Жылы ма?
– Иә жылы, екінші семестр тұрып жатырмыз. 3 қыз болып.
– Ешқандай мәселе жоқ.
Жатақхана шынымен де жылы. Суық су да, ыстық су да бар.
Тегін Wi-Fi жұмыс істеп тұр. Әттеген-ай дегізетін тұстар да шықты.
Бір бөлменің есігі дұрыс құлыпталмаса, бір бөлмеде терезенің асты түсіп жатыр. Бұны жаз айында ретке келтіруге болады деп сендірді жатақхана қызметкерлері. Мәселе жоғары оқу орнының басшылығымен бірлесіп шешіледі.
БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы:
– Бірақ та енді кішігірім мәселелер болып тұрады. Оны университет басшылығы шешеді. Студенттер бізге шағымдарын айта алды. Біз оны жоғары оқу орнының басшылығымен бірлесе отырып шешеміз. 2:48/ Осы университетіміздің қабырғасында жаңа жатақхана соғылып жатыр. Онымен қоса 244 орындық тағы да бір студенттер үйі салынып жатыр. Алдағы уақытта ол құрылыс біткеннен кейін оны да барып тексереміз.
Жалпы, Қозыбаев университетінде 4 жатақхана бар. Жиынтық орын саны 1400-ге жуықтайды. Былтыр өңірде өзекті болған жатақхана тапшылығы қалай шешілуде?
АҚМАРАЛ ТҰРҒАЛЕЕВА, Қозыбаев университетінің басқарма мүшесі:
– Қыркүйек айында 420 орынға дефицит болды. Бұл мәселені шештік. Биыл біз 10-шы жатақханаға жөндеу жұмысын жүргіздік. Биыл бізге 1200 орынға шақталған 2 жатақхана беріледі. Сондықтан, жатақхана тапшылығы жойылады деген ойдамын.
Айта кетейік, Қозыбаев университетінде 6 мыңға жуық студент білім алады.
Гүлден Сембаева