Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов журналистер алдында өткен жылды қорытындалап, есеп берді. Шендінің сөзінше, былтыр өңір аумағында заңның ала жібін аттау фактілері 18,2% пайызға төмендеген. Оның ішінде ауыр құқық бұзушылық түрлері 13,5% азайыпты. Заң бұзғандар жазасыз қалмайтыны түсінікті. Жыл артқан сайын аймақта тәртіпсіз жандарды анық жеңілдеп келеді.
АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:
– 2023 жылы “102” қосымшасын 200 қала тұрғыны қолданған. Оның 155-і бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бейнебақылау құралдарының көмегі зор. Былтыр заман игілігі арқылы 600-ден аса қылмыс пен 18 мың құқық бұзушылық анықталған. Журналистер департамент бастығымен өтетін брифингіге тыңғылықты дайындалған. БАҚ өкілдері ел аузында жүрген мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Соның бірі жолдарды жөнді тазаламайтын жандарды жазалауға қатысты болды.
АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:
– Қысқы кезеңде 52-ден астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 22-сі – басшылық лауазымдағы адамдар. Тоқтала кетсем, “ҚазАвтоЖол” компаниясының жергілікті филиалы директорына қатысты – 2-еу, ал “ҚАЖсервис” серіктестігі басшысына қатысты 4 хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 3 млн теңгеге жуықтайды.
Жаңа жыл қарсаңында Петропавлда жаға ұстатарлық қылмыс тіркелгенін ел ұмыта қойған жоқ. Бүтін бір отбасы адам қолынан ажал құшты. Бүгінде күдіктілер қолға түскен. Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.
АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:
– Желтоқсанның 28-і күні Жұмысшы кентінде 3 адамның мәйіті табылды. 2 сағаттан кейін сезікті адамдар анықталды. Олар қазір қамауда.
Брифинг мұнымен аяқталмады. Жиынға онлайн режимде қатысқан тілшілер өңірдің бас полицейіне 2 баламен бірге жанып кеткен әйелге және кәсіпкерден 50 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған блогерлерге қатысты сұрақтарын қойды.
Байболат Құлтанов