Қазір интернет алаяқтық туралы ресми аудио хабарламалар мен бейнежазбалардың түр-түрі бар. Кей адамдар сақтықты ойлап мұқият тыңдаса, енді бірі мүлдем көңіл аудармайды. Мамлют ауданындағы Афонькино ауылының тұрғыны сондай ақпартпен құлақтанып, қаскөйлердің арбауынан құтылған. Тұрғынның айтуынша оған бейтаныс біреулер хабарласып, туысы жол-көлік оқиғасына түскенін айтқан. Полицияның атын жамылған қаскөйлер жол апатынан зардап шеккен адам ақша алса, арыз жазбауы мүмкін екенін алға тартады. Азаматшаның ойына алғашында ештеңе келмегенімен кейін алаяқтар екенін түсініпті. Жалпы, жылдың алғашқы айында облыста осындай 2 факті тіркелген. Қос оқиға да бірдей сценарий арқылы жасалған.
Ақжүніс Мұқатай