Облыстық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері шақырылған. Жастар балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтің туындыларымен танысты. Белгілі жазушыны білмейтін оқырман кемде-кем. Әсіресе, “Менің атым Қожа” кітабын оқымаған, киносын көрмеген адам жоқ шығар. Біреу білсе, біреу білмес, повесть әуелі орыс тілінде жарық көрген екен, кейін шетелде басылып шыққан. 57-ші жылы қазақ тілінде таратылған.
КӘМИЛА БІЛІСБЕКОВА, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушысы:
– “Балалық шаққа саяхат”, “Гаухар” және “Менің атым Қожа” повесін білемін. Ол 1924-ші жылы 15-ші қазанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келген. Ол – қазақ балаларының жазушысы. Көбінесе қазақ жазушыларының туындыларын оқимын.
ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы:
– Жалпы біздің кітпаханада дәстүрлі түрде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылады. Абонемент бөлімінде 2 тұрақты көрме қойылады.
Гүлден Сембаева