Қоғам

Сәкен Жүнісовтың туғанына – 90 жыл

Жазушы әрі драматург жерлесіміз Сәкен Жүнісов көзі тірі болса, биыл 90 жасқа толар еді. Дарынды тұлғаның өмір және еңбек жолы
бүгін облыстық кітапханада өткен жиынға арқау болды. Еңбек ардагері Тілек Әбдірахманов Сәкен Нұрмақаұлының қоғам мен әдебиетке сіңірген еңбегі зор дейді.

ТІЛЕК ӘБДІРАХМАНОВ, облыстың құрметті азаматы:

– Ол кісінің шығармашылық мүмкіншіліктері көп. Драматургия саласында да көп еңбек сіңірген адам. Сосын үкімет пен партияның бар кезінде саясатта біраз еңбек еткен адам.

Сәкен Нұрмақаұлы шыншыл адам болды дейді жазушы, журналист Жақсыбай Самрат.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, жазушы, журналист:

– Сәкен Сері шығармашылығын алдымен өлеңмен бастаған. Бірінші өлең кітаптары шыққан. Содан кейін прозаға ауысқан. Проза бойынша «Жапандағы жалғыз үй» деген романы өте сәтті шықты. Айғайлы да, даулы да болды. Себебі, тың көтеру жылдары жағдайларына байланысты романда айтылды. Сонда ағамыз ресми саясаттың тапсырмасынан шығып кетіп, біраз ол қудаланды да.

Сәкен Жүнісов кино саласына да еңбек сіңірген. Ол – «Абылай хан» киносценариінің авторы.

ҰЛДАНАЙ НИЕТБАЕВА, М.Қозыбаев университетінің студенті:

– Абылай хан туралы шығармасы оның Абылай хан туралы киносценариін жазуға алып келді. Абылай хан киносценарийі Абылай хан туралы түсірген жалпы сериалдың ең алғашқы бастамасы болып табылады.

Жазушы балаларға арнап әңгімелер де жазған.

 

Мәдина Қаби