Қоғам

Петропавлда «Халық кеңесі» мүшелеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

«Халық кеңесі» мүшелеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды! Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басында Петропавлда бір топ адам қаладағы оқу ұяларының бірінде жиын ұйымдастырып, сепаратистік әрекетке барды. Осылайша, олар мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірді. Айрандай ұйыған елдің берекесін қашыруды көздегендер жазасыз қалмады. Ұйым басшысы 9 жылға сотталды. Ал қалған 3 серіктесі 7 жылға бас бостандығынан айрылды. 31 қаңтар күні облыс орталығында қылмыскерлердің апелляциялық шағымы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Петропавл қалалық сотының үкімі өзгеріссіз қалды.

 

Байболат Құлтанов