Бас хатшыны құттықтай отырып, Мәулен Әшімбаев АӨСШК-нің өсіп келе жатқан рөлін атап өтіп, ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді. Ол сондай-ақ Астанадағы 6-шы саммитте айтылған бастамаларға және кеңесті толық форматты халықаралық ұйымға айналдырудың Жол картасын іске асыру тетіктеріне назар аударды.
“2022 жылы Астанада өткен саммит барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2022-2024 жылдардағы төрағалық ету кезеңіне басымдық берді. Олардың қатарында волонтерлік қозғалыстар көшбасшыларының слетін өткізу, мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің әріптестік желісін құру, экология мәселелері бойынша конференция ұйымдастыру, тұрақты өзара байланыс жөніндегі кеңес құру бар. Өз тарапынан Сенат Азиядағы өзара іс – қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институционалдық дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қолдауға дайын”, – деді Сенат спикері.
Тараптар мен Қазақстанның АӨСШК төрағалығына, сондай-ақ ұйымның географиясы мен қызмет саласын кеңейтуге қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, кездесуде атап өтілгендей, ынтымақтастықтың жаңа басым бағыттары енгізілді: эпидемиологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, фармацевтика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі.