Қоғам

Ветеринария саласын дамытуға 3,8 млрд теңге бөлінді

Үкімет еліміздің ветеринариялық қызметін күшейтуге өз резервінен 3,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды, – деп хабарлайды министрлер кабинетінің баспасөз қызметі. Қаражат ветеринариялық зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен жабдықтауға бағытталады. Заман игілігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқармақ. Сонымен қатар, тауарларын экспорттап жүрген қазақстандық өндірушілерге сыртқы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес болуына мүмкіндік береді және Қазақстанның басқа елдерден жеткізілетін өнімдерді бақылау мүмкіндігі айтарлықтай артады.

– Бұл ветеринария саласында дәл және нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қосады», – делінген хабарламада.

 

Байболат Құлтанов