Қоғам

Қазақстанда тұтынушылық несиенің көлемі 33,7% артқан

Қазақстанда банк клиенттерінің саны күннен-күнге артуда. LS ақпараттық агенттігі ұсынған дерекке сүйенсек, былтыр отандастарымыз 10 трлн теңгеден астам тұтынушылық несие рәсімдеген. Бұл көрсеткіш алдынғы жылдағыдан 33,7% жоғары. Жеке мақсаттары үшін қарыз алғандардың көшін 3,2 трлн теңгемен алматылықтар бастап тұр. Бұдан кейінгі сатыға Астана, Шымкент қаласы мен Қарағанды, Ақтөбе облысы жайғасқан. Ал тізімнің ең соңында – Ұлытау облысы. Алайда, мұнда бір жыл ішінде берешек көлемі 49,8 млрд теңгеден 95,9 млрд теңгеге дейін өсіпті.

 

Байболат Құлтанов