Петропавлда кәсіби бағдар беруші педагогтар бас қосты.
Қозғалған мәселе өзекті. Мамандардың айтуынша оқу орнын аяқтап шыққан жастардың тең жартысы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Неге? Құлықсыздық па, жалақының аздығы ма? Себеп көп.
ЖАЗИРА БЕУКЕНОВА, әдістемелік орталықтың жетекшісі:
– Оқуы ақылы жастардың білім алуына кететін қаражат аз емес. Көп жағдайда оқуға төленген ақша ақталмай жатады. Көбі қолына диплом алғаннан кейін сәйкес жұмыс таба алмайды немесе жалақысы аз болады.
Білімді жастың бейінді жұмыс табамын деп сандалмас үшін,
еңбек жолын таңдауға келгенде қателеспес үшін әуелі оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере білу керек дейді жергілікті “Сенімен Болашақ” ұйымының жетекшісі Жанат Мұхамеджанов.
ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, “Сенімен Болашақ” РҚБ СҚОФ жетекшісі:
– Баланы дайындау үшін тек қана мектеп емес, ата-анамен бірге жұмыс істеу қажет. Мысалы, мектеп оқушыны дәрігерге дайындаса, ата-анасы оның мүмкін экономист болғанын қалайтын шығар. Ал мүмкін баланың қабілеті басқа бағыт шығар. Ол мүмкін сурет салатын шығар. Ол экономистқа да жоқ, дәрігерге де жоқ шығар. Сол себепті, баламен санаса отырып өзінің қабілетіне қарай бейімдеуіміз керек.
Жиында айтылған тағы бір мәселе – қазір қандай мамандыққа сұраныс көп? Кәсіби бағыт-бағдар беруде осыны да ескерген жөн.
Мәдина Қаби