Облыстық кітапханада француз тілінде тегін үйрететін клуб ашылды. Бұл туралы Франция елшісі Дидье Канесспен өткен кездесуде айтылды. Клубқа шетел тілін жетік меңгерген астаналық маман жетекшілік етеді. Сабақты өткізетін де сол кісі. Елші ұйымның ашылу салтанатына қатысты. Мейман жергілікті университеттегі герман-роман филологиясы кафедрасында оқитын студенттермен бірге тіл меңгерудің қыр-сырын талқылады. Жоғары оқу орнында француз тілін меңгеріп жүрген жастар бос уақыттарында осында да келіп, сөздік қорын байыта алады. Білім қуған жастардың арасында оқуларын шетелде жалғастырғысы келетіндер баршылық.
Мәдина Қаби