Бүгін Брюссельде “Global Gateway” форумы аясында қазақстандық делегацияның қатысуымен ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың басшылығымен Қазақстанның Даму Банкі мен Еуропалық инвестициялық банк арасында 320 млн еуро сомасына өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум Қазақстан экономикасының түрлі шикізаттық емес секторларындағы, соның ішінде көліктегі жобаларды одан әрі дамытуға бағытталған, Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланысының мақсаттарына ықпал етеді. Бұл қадам біздің елдеріміз арасындағы серіктестіктің басталуын көрсетеді.
Терес Червинска Меморандумға қол қою Еуропалық Одақ пен Орталық Азияны жақындастыратынын атап өтті.
“Біз өңірде екіжақты қатынастарды ескере отырып тұрақты өзара байланысты дамытуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, біздің Банк көлік инфрақұрылымына 11 миллиард еуроға жуық инвестиция салады, бұл біздің инвестициямыздың шамамен 20 пайызын құрайды”, — деді ЕИБ вице-президенті.