Қоғам

Жол тазалауға 80 техника тартылған

– Очень большая, высокая колейность, и водителям надо понимать, в таких местах, вообще, стараться не обгонять транспорт, потому что здесь именно очень большая опасность, что автомашину развернёт и, возможно, на встречную полосу.

Бұл – “Челябі-Новосібір” бағытындағы республикалық трасса. Ол Петропавлдан бастап мемлекеттік шекараға дейін созылып жатыр.
Жолды қардан тазалауға “Қажсервис” кәсіпорны жауапты. Бейінді мамандар мен әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері жол жағдайын таразылауда.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Жолдың өне бойы көлік ағынынан пайда болған терең ізге толы. Бұл аралықты қардан тазалап жатқан “Қажсервис” кәсіпорны. Ал біз жылдамдықты 60-қа дейін азайтуды қажет ететін учаскелерді анықтаудамыз.

ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Учаскенің ұзындығы – 120 шақырым. Осы аралықта 5 техника жұмыс істеуде. Қарды тазалап, ой-шұқырлы жерлерді тегістеу түннен бері жүріп жатыр.

Облыс жолдарын қарды тазалауға барлығы – 80 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, тайғақ жерлерді дұрыстау үшін шынжыр табанды тракторлар тартылған.

 

Мәдина Қаби