Спорт

Өңірде допты хоккейден облыстық чемпионат өтті

Өңірде “Солтүстік” қысқы спартакиадасы басталып кетті. Бірінші болып спорт түрлерінен допты хоккейден жарыс ұйымдастырылды. Облыстық чемпионатқа 12 команда қатысты. Олар: Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын және Тайынша аудандарының спортшылары. Мұз айдында қызылжарлықтар мен шалақындықтар кездесті. Бірінші аталған ауданның жастары қарсыласын 8:2 есебімен жеңді.

АНДРЕЙ МАХАМАДЕЕВ, Қызылжар ауданы командасының капитаны:

– Екі командамен ойнадық. Біріншісінде жеңілдік, екіншісінде ұттық. Үшінші орынға ие болып отырмыз. Бұның өзі бір жетістік.

Келесі болып мұз айдынға Ғ.Мүсірепов пен Тайынша ауданының хоккейшілері шықты. Екі жақ 1-ші орынға таласты. Ұтылғаны 2-ші орынға орнығады. Сол себепті, бір-біріне дес бермей, шайбаны қақпаға өткізу үшін барларын салып жатыр. Сонымен, есеп 3:2. Тайыншалықтар жеңді.

АНВАР ДЖЕМЕЛЕДИНОВ, сайыстың бас төрешісі:

– Екі команда да мықты. Осы екеуі ғана емес, өзгелері де жақсы ойнап жатыр. Спорт түріне келетін болсақ, допты хоккейді көбі біле бермейді. Енді ғана дамып келе жатқан бағыт.

Допты хоккейдің ережесі шайбалымен бірдей. Оны жазда да ойнауға болады екен. Олимпиадалық спорт болып саналмайды. Дегенмен, өңірде осы спорт түрінен жарыс жылда ұйымдастырылып тұрады.

 

Мәдина Қаби