Қоғам

Блокадашыларға құрмет көрсетілді

Өңірде 5 блокадашы бар. Соның бірі – Ирина Сидельникова. Жаудың құрсауында болған қаланың тіршілігін өз көзімен көрген нәзікжандыға бүгін Ленинград облысының губернаторы жолдаған медаль табыс етілді. Қарияның айтуынша, со кездегі ащы көрініс әлі де естен кетпейді.

ИРИНА СИДЕЛЬНИКОВА, блокадашы:

– Ленинград блокадасының бұзылғанына биыл 80 жыл толып отырғаны белгілі. Осыған орай өткен жиында қаланы жау қолынан құтқаруға ат салысқан 314-ші атқыштар дивизиясының ерлігі туралы айтылды.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Біздің солтүстікқазақстандықтар Ленинград майданына қатысқанын білесіздер. 314-ші атқыштар дивизиясы фашистерге қарсы шыққан. Ленинград губернаторы Ленинград қоршауынан шыққан адамдарды қарсы алған Қазақстан еліне алғысым шексіз деп те айтқан.

Әйгілі 314-ші атқыштар дивизиясының құрамында Тамара Пляшечникованың арғы атасы Александр Артемов те болған екен.
Ол кісі Ленинград түбінде қаза тапқан. Ұрпағы
майдангердің қайда жерленгенін жуырда ғана әлеуметтік желі арқылы тапқан.

ТАМАРА ПЛЯШЕЧНИКОВА, қала тұрғыны:

– Атамның аты-жөнін Свирьстрой ауылы маңында жерленген сарбаздардың тізімінен таптым. Бұл елді мекен Ленинград облысында орналасқан. Ол кісі жайында көп мәлімет білмеймін, тиісті жандарға қоңырау шалып, мән-жайды анықтадым.

Ленинград блокадасында 640 мыңнан астам адам көз жұмған деседі. Сол жылдары өңірімізге 26 мың ленинградтық тұрғын көшірілген екен.

 

Гүлден Сембаева