Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің жергілікті департаменті жылдық қорытынды жасады. Бір жылдың ішінде сала мамандарына тұрғындардан 47 өтініш келіп түскен. Барлық арыз-шағым қарастырылып, тиісті шара қабылданған.
Электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша 457 ұсыныс енгізілді. Барлық хаттамалық тапсырмалар көрсетілген мерзімде орындалды.
НИКОЛАЙ БОРЗИЛОВ, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы:
– Сондай-ақ, жоспардан тыс 12 тексеріс жүргізілді, қорытындысы бойынша тиісті 6 құжат рәсімделді. Субъектіге тікелей барып – 1-еу және сырттай 20 профилактикалық бақылау жүргізілді. Бірінші жағдайда бір нұсқама, екіншісінде 13 нұсқама жазылып берілді.
Мәдина Қаби