Жаңбырша жауған снарядтар мен бомбалар. Бірнеше жылға созылған аштық. Бұл қасіретті 41-ші жылы ленинрадтық тұрғындар бастарынан өткерді. Жаудың қоршауында қалып, 900 күннің әр минуты азап пен қайғыға толы болды. Ленинград блокадасының бұзылғанына 80 жыл толуына орай облыс орталығында «Ленинрадтық өренім! Мақтанышым сен едің» атты дөңгелек үстел жиыны өтті. Шарада қиын заманда ерлік көрсетіп, тұтқынға ұшыраған жандардың есімі аталды. Сол кезде тағдыр тауқыметін көрген жанның бірі – Ирина Сидельникова. Нәзікжанды ол кезде небәрі 5 жаста болған екен.
ИРИНА СИДЕЛЬНИКОВА, блокадашы:
– В первую очередь надежда и вера в то, что будет лучше, а во вторых умение держать режим, силу воли. Все вместе это давало возможность выжить во всех этих перипетиях. Мама говорила, что не будем унывать. Всегда мешала рассмешить, сказать, что нужно жить дальше.
Балабақшаға барып, бос уақытын ойын ойнаумен өткізетін кішкентай қызды қан майдан бір-ақ күнде есейтті. 42-ші жылы ол Ладога көлі арқылы эвакуацияланды. Ал 44-ші жылдың 27-ші қаңтарында қала басқыншылардан босатылды. Тек аштықтың өзінен 640 мыңнан астам адам көз жұмды. Зұлмат жылдары облысымызға 26 мың ленинградтық тұрғын көшірілді. Сол кездері жазылған құжаттар мен адамдардың күнделіктері облыстық мемлекеттік архивте сақтаулы тұр.
314-ші атқыштар дивизиясының Ленинград қаласын жау блокадасынан босатуға қосқан үлесі орасан зор.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:
– Біздегі құжаттардың ішінде 314-ші атқыштар дивизиясындағы Павел Гончардың құжаттары бар. Оны жерлеген кезде қалтасынан Жамбыл Жабаевтың “Ленинградтық өренім” атты өлеңі табылған екен. Денесі табылған жауынгерлеріміздің әрбірінің қалтасында Жамбылдың өлеңі табылыпты.
Облыста 5 блокадашы бар, оның 1-еуі Петерфельд ауылында тұрады.
Гүлден Сембаева