Соғыс ардагері Василий Макиенко таңнан бері құттықтаулар қабылдауда. Қария бүгін 98 жасқа толып отыр. Туған күнін үйде емес, ауруханада қарсы алуға тура келіп отыр. Қария сәл сырқаттанып қалған екен. Қарт майдангерді бүгін қала әкімі Серік Мұхамедиев пен қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері келіп құттықтады.
Василий Васильевич Әскери комиссариатқа 43-ші жылы шақыртылған. Соғыста атқыштар полкінде болған. Үшінші Белорус ұрысына қатысқан. Бірнеше орден-медалі бар. Соғыстан кейін техникалық жабдықтар өндірісісаласында еңбек еткен.
Зайыбы екеуі үш бала тәрбиелеп өсірген.
ВАСИЛИЙ МАКИЕНКО, Ұлы Отан соғысының ардагері:
– Біз жұбайымыз екеуіміз үш қыз тәрбиелеп өсірдік. Үшеуі де зейнет жасында. Үлкені 71-де. Үш баламнан 5 немере мен 7 шөбере сүйіп отырмын. Балаларым бүгін хабарласып, туған күніммен құттықтады.
Тиісті ем-домын алған қария ауруханадан бүгін шығады. Айта кетейік, бүгінде қалада 4 ҰОС ардагері тұрады.
Мәдина Қаби