СҚО полицейлері шетел азаматынан тыйым салынған кітап тәркіледі. Оны тәртіп сақшылары шекара қызметі мамандарымен бірлесіп жүргізген тексерісте тапты. ҚР бүкіл аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынған оқулықты ресейлік азамат Қырғызстаннан әкелген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды. Қызылжар аудандық сотының шешімімен ер адамға айыппұл салынды. Облыста өткен жылы діни заңнаманы бұзуға қатысты 20-дан астам факті тіркелді.