Құқық қорғау органдары

Қоғамдық көлік тізгіндегендер қатаң бақылануда

Былтыр өңірде қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 6 жол-көлік оқиғасы болып, 8 адам жарақат алды. Биыл тәртіп сақшылары оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында 2 күннен бері “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Мамандар небәрі бір күннің ішінде автобус жүргізушілері тарапынан 56 заңбұзушылық анықтады.

– Добрый день! Инспектор транспортного контроля, главный инспектор Морозов. Проводим ОПМ «Автобус», проверяем наличие документов у водителей и оснащение техническое автобуса. Ваши документы… Приготовьте, пожалуйста, свидетельство на маршрут. 

Полицейлер тиісті құжаттардың болуын, көлік құралдарының техникалық және санитарлық жағдайын тексереді. Ережеге құлақ аспай, заңның ала жібін аттайтындар аз емес. Қаладағы автобустардың бірінде өрт сөндіргіш болмаған және есіктерді авариялық ашу түймесі жұмыс істемеген.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Аталған іс-шараның 1 күн қорытындысы бойынша қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 56 жол қозғалысы ережелерін бұзушылығы анықталды. Оның 6-уы көлікті басқару барысында ұялы телефонды пайдаланғаны үшін, 16-сы маневр жасау ережелерін бұзғаны және 8-і техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін ұсталды.

Жалпы, рейд облыстық төтенше жағдайлар департаменті, көліктік бақылау инспекциясы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілуде.

 

Ақжүніс Мұқатай