Спорт

Қазақстан құрамасы – Кореядағы олимпиадада әзірге 14-ші орында

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер олимпиадасына қатысып жатыр. Спортшыларымыз дүбірлі додада жақсы нәтиже көрсетуде. Қазақстандық хоккейшілер Ұлыбритания мен Испанияны ұтып, жартылай финалға шықты. 2 күн бұрын
қыздар арасында 500 метрге конькимен жүгіруден жарыс өтті. Оған апалы-сіңлілі Кристина мен Алина Шумековалар қатысты.
Кристина берілген қашықтықты 40,89 секундта жүгіріп өтіп, 7-ші орын алды. Ол алтын медаль иегерінен небәрі 1,61 секундқа қалыс қалған. Қыздардың әлі тағы екікүндік жарысы бар. Ертең аралас эстафета өтеді. 4-ші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әзірге 14-ші орында. Жарыс ақпанның 1-інде аяқталады.

 

Мәдина Қаби