Кеше сағат 4 кезінде “Жезқазған-Петропавл” республикалық маңызы бар автожолда “Peugeot” және “Toyota Camry” көліктері соқтығысып қалды. Өкінішке орай, оқиға орнында 2 адам қайтыс болды. 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Дәл осы күні және дәл осы автожолда тағы бір оқыс оқиға орын алды. Кешкі сағат 9 кезінде Явленканың тұсында “Lexus” пен “Toyota Alphard” көліктері соқтығысып қалды. Абырой болғанда бұл оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ. Көлікке зақым келген. Қазір аталған оқиға бойынша да материал жиналды.
Ақжүніс Мұқатай