Қоғам

“Абылай және оның заманы” көрмесі

Абылай – қалай және қандай хан болды, қазақ халқына қандай еңбек сіңірді? “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің ұжымы ерекше шараларын жалғастыруда. Мамандар мектеп-мекемелерді аралап, қазақ тарихындағы 18-ші ханның өмірі мен еңбек-ерліктерін баяндап жүр. Өткенін білмеген ел болашағын да болжай алмайды. Сол себепті, музей кешен қызметкерлері үлкенді де, жасты да тарихты білуге тартуда. Осы мақсатпен бүгін Бескөлдегі 2-ші мектептің балаларына терең әрі танымдық әңгімелер оқып берді.

БАУЫРЖАН ЖҮНІСОВ, “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің бөлім жетекшісі:

– Әр адам өзінің тарихын білуі қажет. Осы ретте қазақ еліне көп еңбек сіңірген Абылай хан ұмыт қалмауы тиіс. Қазір төл тарихымызға деген қызығушылық зор, негізі. Біз осы шарамен кез келген шаңыраққа барып, қызықты кездесу ұйымдастырып жүрміз.

Оқушылар Бауыржан Жүнісовтың әңгімесін ұйып тыңдады. Сұрақтары да жоқ емес. Білмеген жерлерін маманнан сұрап алды.

АЙЗАР ЖҰМАШЕВ, №2 Бескөл орта мектебінің оқушысы:

– Абылай Жәңгір ханның бесінші ұрпағы болып саналады. 11 жасында әкесінен айырылған екен. Оны халық ерекше сыйлаған екен.

Бұл – жылжымалы шара болып саналады. Мамандар аудандарды аралауды жоспарлап отыр.

 

Мәдина Қаби