Петропавл халықаралық әуежайы арқылы азаматтар Астана, Алматыға ұша алады. Елордаға жету құны 12 мыңды құраса, Алматыға дейінгі билет бағасы 28 мың теңге тұрады. Әуежайда алдағы уақытта тағы басқа бағыт бойынша рейс ашу жоспарланып отыр. Айта кетейік, Петропавл әуежайы 2022 жылы 5 жылға сенімгерлік басқаруға берілген.
ЕВГЕНИЙ ТЮРМОРЕНКО, инвестор өкілі:
– Біз әуежайдағы ішкі ауа температурасын ретке келтірдік. Осы айдың басында ауа райына байланысты техникалық ақаулар болып, ғимараттың іші салқын тартып кеткен еді. Қазір барлығын реттедік. Нысан ішіндегі температура +20-22 градусты көрсетіп тұр.
Нысанды сенімгерлік басқаруға алған инвестордың сөзінше, рейстің уақытылы орындалуы 99 пайыз жағдайда әуе компанияларына байланысты екен. Петропавл халықаралық әуежайы арқылы өткен жылы 85 мыңнан астам адам ұшқан.
– Әуежайдың қызмет көрсету сапасына орташа деп баға берер едім. Рейстердің кешігуі болмаса, қалғаны жақсы.
– Рейсімізді күтіп отырмыз. Кешігу жоқ деп ескертті.
Қазіргі уақытта әуежайда 100 адам еңбек етеді. Еңбекақыларын уақытылы алып жатыр.
Ақжүніс Мұқатай