Спорт

“Құлагер” мен “Номад” күш сынасты

Петропавлда жергілікті “Құлагер” мен астаналық “Номад” хоккей клубтары күш сынасты. Қазақстан чемпионаты аясында өткен матч тартысты сәттерге толы болды. Қарсылас бір бас жоғары. Оны мойындау керек. Елордалықтар алғашқы периодтың өзінде құлагерліктердің қақпасынан қос мәрте саңылау тапты.

Жанкүйерлер алдында жерге қарап қалуға болмайды. Құлагерліктер намысқа тырысты. Осының әсерінен болу керек теріскейлік жігіттер есеп айырмасын қысқартты. Көрермен бөріктерін көкке атты.

Петропавл халқы хоккей сүйеді. Бұл матчты үлкен де, кіші де тамашалады.

– Матчқа немереммен келіп отырмын. Жеңіс тілеймін.

– Наши, кулагеровские, пропустили несколько раз. Два раза. Ничего, они наберут. Мы за них болеем, они обязательно выиграют сегодня.

Өкінішке қарай, жергілікті клуб елордалық ұжымға екінші және үшінші периодтарда да азу батыра алмады. Матч 3 те 9 есебімен аяқталды. Турнирлік кестенің соңғы жағында орналасқан “Құлагер” енді Петропавлда “Ақтөбе” командасымен күш сынасады. Кездесу қаңтардың 30-ы күні өтпек.

 

Байболат Құлтанов