Білім

Қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы 15 мыңға жуық талапкер тест тапсырды

Қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы 15 мыңға жуық талапкер тест тапсырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан порталы хабарлады. Шекті балды 67%-ға жуық талапкер жинады. Орташа ұпай саны 59 балды құрады. Ең жоғары балл – 133. Бүгінгі таңда 12 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 5 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

– Қаңтар айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 10-шы ақпанға дейін өтеді. Естеріңізге сала кетсем, тестілеуге қатысуға 136 мың өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 19%-ы “Математика-Физика” пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы “Биология-Химия” комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – “Химия-Физика”, оны 22 адам тапсырған.

 

Гүлден Сембаева