Спорт

Балалар мен жасөспімдер арасында грек-рим күресінен облыстық турнир өтті

Бескөл ауылында балалар мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтті. Аталмыш жарысты «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы мен Қызылжар аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі бірлесіп, осымен 2-ші мәрте ұйымдастырып отыр.

ТАЛҒАТ ТУҒАНБАЕВ, «Динамо» ДШСҚ облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– «Динамо» спорттық қоғамы – республикадағы ғана емес, ТМД аумағындағы жетекші спорттық ұйымдардың бірі болып саналады. Осы жарыстың «Динамо» спорт қоғамының құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізіліп жатқанына қуаныштымыз.

Петропавл қаласы мен облыс аудандарынан келген 9 бен 15 жас аралығындағы 60-тан астам жас спортшы 35-тен 65 келіге дейінгі салмақта өзара мықтыны анықтады. Турнир жүлдегерлері медаль және грамоталармен марапатталды. Ал жеңімпаздарға ДШСҚ-ның атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жалпы, жас буынға арналған жарысты келесі жылы бұдан да жоғары деңгейде өткізу жоспарланып отыр. Айта кету қажет, «Динамо» ДШСҚ-ның құрылғанына келесі жылы 100 жыл толады.

 

Ақжүніс Мұқатай