Қаңтардың 19 күні өтіп үлгерген жоқ, ал өңірде 27 бірдей өрт оқиғасы тіркелді. Соңғы жайттардың бірі ел есінен шыққан жоқ. Сіз бен біз сәтті деп санайтын сәрсенбіде облыс орталығында от бас көтеріп, адам өмірін жалмады.
ЕРБОЛ МҰХАНБЕТАЛИН, СҚО ТЖД бөлім бастығы:
– 17 қаңтар күні таңертең облыс орталығындағы Жұмабаев көшесі бойында орналасқан 19-шы үйде өрт болды. Қызыл жалын бас көтерген баспана – төрт пәтерлі. Тілсіз жауды ауыздықтауға 27 маман мен 5 бірлік техника барды. Жедел әрекет етудің нәтижесінде 7 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Оның екеуі – бала. Өкінішке қарай, оқиға орнынан 1960 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрттің орын алу себебін анықтау бойынша тергеу жүргізілуде.
Қатты суыққа көліктер шыдас бермейді. Былтыр аққайыңдар өлкесінде 6 жылжымалы мүлік жанып кетіпті. Төтенше жағдайлар департаментінде өткен жиында бұл жайлы да айтылды. Мамандардың сөзінше, ешқандай шара қолданбаса 5-6 минуттың ішінде темір деп сипаттайтын тұлпардың өзі толықтай жанып кетеді.
АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
– Здесь мы говорим и о бензине, и о маслах, и о краске, и о текстильных материалов, которые используются в качестве обивки и набивки салона автомобиля. То есть здесь те же сами авто владельцы способствуют во многом возникновению пожаров.
Дегенмен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, өңірімізде биыл тіркелген өрт оқиғаларының саны 27 пайызға төмен. От 1 адамның өмірін жалмағаннан бөлек, 4 адамға жарақат салды.
Гүлден Сембаева