Құқық қорғау органдары

Отбасылық жанжал үшін жауапқа тартылғандар Әйелдерді қолдау орталығының өкілімен кездесті

Отбасылық жанжал үшін жауапқа тартылған Петропавл тұрғындары Әйелдерді қолдау орталығының өкілімен кездесті. Шара тәртіп сақшыларының “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылып отыр.

ӘСИЯ ӘБЖАНОВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– № 8 тірек пунктінің учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін аумақта тұратын 40 жастан асқан 10 ер адам учаскелік инспектордың кабинетіне шақырылды. Оларға 15-ші қаңтардан бастап елімізде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқық бұзушыларды тәрбиелеу мақсатында арнайы шара ұйымдастырылып жатқандығы туралы ақпарат берілді.

ВИТАЛИЙ:

– Негізі, барлығы – бұрыннан белгілі ережелер. Тек жазалау мерзіміне қатысты өзгерістер бар.

 

Ақжүніс Мұқатай