Ұлттық ұланның қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқаратын рөлі мен офицерлік кадрларды даярлау әдістемесін жетілдіру. Бұл туралы облыс орталығында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Жиынға өзге аймақтардың мамандары интернет арқылы қосылып, пікірлерін білдірді.
БАУЫРЖАН ТІЛЕУЖАНОВ, ҚР ҰҰ академиясы кафедра бастығының орынбасары:
– Қазіргі әлемде гибриттік соғыс деген ұғым бар. Гибриттік соғыс дегеніміз – ол бүкіл қоғамның, адамзаттың даму шеңберлерінде етек алып жатыр. Ол – экономика болсын, саясат, иделогия. Сол тұрғыдан әскерлеріміз мақалалар жазып, ғылыми зерттеулер жүргізуде. Ұлттық ұлан әскерлері күнделікті қызметте.
Коференцияға орай оқу-тәрбие, қызметтік-жауынгерлік іс-әрекет негізінде түрлі мақалалар жазылыпты. Дәстүрлі шараға 70-тен аса туынды келіп түскен. Кейін мақалалар жинақ болып шығарылады. Тепсе темір үзер жігіттердің біліктілігін арттыру – әскери құрылымдардың қауіпсіздігі мен тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Ұлттық ұлан академиясының магистранты Мақсат Ахметовтың айтуынша бүгінгі жиын офицердің дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар, бүкіл ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
МАҚСАТ АХМЕТОВ, ҚР ҰҰ академиясының магистранты:
– Баяндайтын тақырыбымның аты – “Ұлттық ұлан офицерлерінің біліктілік деңгейін арттырудың маңызы”. Бізде оқу-әдістемелік жиындар, біліктілікті артыру курстары, спорттық жиындар өтеді. Соңғы аталғанына тоқталып өтсем, сарбаздар демалыс күндері, мереке күндері белсене қатысады.
Қазіргі таңда Ұлттық ұлан академиясында 800-ден астам курсант оқып жатыр. Сарбаздарға 100-ден астам оқытушы білім беруде.
Гүлден Сембаева