Өткен жылы өңірде үй жануарлары иелерінің тарапынан 700-ден астам бұзушылық тіркелді. Көбінесе ит-мысықтарды бағып-қағу және серуендету талаптары бұзылған. Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында тұрғындарға арнайы баптың санкциясына сәйкес жеке тұлғалар үшін айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Оның көлемі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге артады. Айта кетейік, көшелерде қаңғып жүрген иттерді ұстау сұрақтары бойынша петропавлдықтар қалалық әкімдіктің iKomek орталығына “109” нөмірі арқылы хабарласа алады. Ал иелері бар жануарлардың қараусыз жүргенін көрген жағдайда “102” арнасына қоңырау шалуға болады.
Байболат Құлтанов