Қоғам

Руслан Әлішев СҚО аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР Президентінің Әкімшілігі келісімі және СҚО әкімінің өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Солтүстіктің тумасы 1978 жылы дүниеге келген. СҚМУ және Көкшетау университетін тарих және құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған. Бір жылдары СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары,өңір жетекшісінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болды. Сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментінің директоры лауазымдарын атқарған. Бұл тағайындауға дейін Руслан Әлішев «AMANAT» партиясының хатшысы қызметін атқарып келді.

 

Ақжүніс Мұқатай