Қоғам

«Крещение Господне» мерекесінде қандай ережелерді сақтау керек?

Қаңтар айының 18-нен 19-на қараған түні «Крещение Господне» мерекесі бастау алады. Осыған орай бүкіл әлемдегі, оның ішінде Қазақстандағы өзен-көлдерде халық саны ұлғаяды. Сәйкесінше, қауіп те артады. Қазір қалалық ТЖБ қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс офицері:

– Осы мереке барысында полиция қызметкерлері мен медицина мамандары және ТЖД өкілдері тәуліктік кезекшілікке түседі. Адамдардан қатаң қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Ауыратын адамдар шомылмағаны жөн және ішімдік ішуге, су айдындарына көлікпен кіруге болмайды.

Біздің облыста су алатын және шомылатын 30 орын дайындалуда. Оның 2-еуі – Петропавлда. Нақтырақ айтсақ, қалалық жағажайда және өзен портында орналасқан. Мамандар шомылатын адам ұсақ-түйекке дейін мән берген жөн дейді.

ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері:

– Деректерге сүйенсек, өңірде ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Адамдар өздерімен бірге жылы киім мен сырғанамайтын аяқ-киім алып келу керек. Суға секіруге болмайды.

Суға түсу рәсімі үшін өңірде жылдағыдай ойықтар маңы жарықтандырылып, арнайы шатырлар құрылады.

 

Ақжүніс Мұқатай