Денсаулық сақтау

2024 жылы 56 қызмет беруші МӘМС қорынан қаржыландырылмайды

2024 жылы 56 қызмет беруші Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылмайды. Мұндай ақпарды еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі таратты. Енді ведомство медициналық және фармацевтикалық қызметке, иондаушы сәуле шығаратын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы рұқсат құжатының болуын ерекше қатаң тексермек. Сонымен қатар, министрлік консультациялық-диагностикалық қызметтерді үшінші тарап ұйымдарына орындауға немесе қосалқы мердігерлікке берудің кең таралған практикасына байланысты бірқатар шектеулер қойды. Бұдан бөлек, енді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге тіркелген халқы 3000-нан жоғары ұйымдар жіберіледі. Күндізгі стационарлардың жұмысына қатысты стандарттар қолданыла бастады. Мұнда стационарды алмастыратын көмек амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында ғана көрсетілуі мүмкін.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі:

– Медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметтерін тағы 50 қызмет беруші белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің себебінен конкурстарға қатысуға жіберілмеді. Бұл негізінен жабдықтың ең төменгі стандартына сәйкес келмейтін және медициналық көмек пациенттердің әділ шағымдарын тудырған қызмет берушілер.Денсаулық сақтау министрлігі қабылдайтын медициналық қызмет берушілерге қойылатын талаптарды күшейту жөніндегі кешенді шаралар бірінші кезекте жосықсыз медициналық ұйымдар медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыруды ала алмайтын кезде халық үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.

 

Байболат Құлтанов