Ішкі істер министрлігі елімізде төрт түлік иелеріне малды бақылаусыз бағуға тыйым салды. Құзырлы орган жаңа шектеу мал ұрлығын тыю мақсатында енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Республикада мал ұрлығы жалпы қылмыстың 3 пайызын құрайды. Тұтастай алғанда көрсеткіш төмен болғанмен ұрлықтың бұл түрі қарапайым халықты айтарлықтай жапа шектіріп тұр. Егер енді күшіне енген ереже бұзылса, тұяқтылардың иелеріне 3-тен 10 АЕК-ке дейін немесе 11 мен 37 мың теңгенің аралығында айыппұл салу көзделген. Айта кетейік, мал ұрлығы үшін берілетін ең жоғарғы жаза: мал-мүлкін тәркілеу, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Ақжүніс Мұқатай