Қазақстан жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда Pfizer және Roshe компанияларының дәрі-дәрмек өндірісіне қатысты түсініктеме берді

“Қазіргі уақытта технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз ету үшін қажетті инвестицияларды тарту бойынша күш-жігер жұмсалуда. BIGPHARMA фармацевтикалық компаниясымен, сондай-ақ АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Түркия, Германия және Жапонияның басқа инвесторларымен келісімшарттық өндіріс жобалары бойынша жобалар іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде. Бұл жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында іске асыру инновациялық және бірегей дәрілік препараттарды алуға және заманауи медициналық жабдықтардың мүмкіндіктерін еркін пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, — деп хабарлады ведомстводан.

Атап айтқанда, 2024 жылдың екінші жартысынан бастап “Алматы фармацевтикалық фабрикасы Нобель” АҚ базасында Roche компаниясының қатерлі ісікке қарсы препараттарын шығару жоспарлануда.