Қоғам

2023 жылы кәсіпорындар жұмысшыларға 6 миллиард теңгеден астам қарыз болған

Жауапсыз жетекшілер жазаланды! Былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстанның мыңнан астам кәсіпорны 28 мың жұмыскерге 6,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ведомствода атап өткендей, аталған кәсіпорындардың басшыларына міндетті 1 447 ұйғарым шығарылып, 200,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың арқасында 26,2 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. Оларға 5,8 млрд теңге төленді.

 

Гүлден Сембаева