Оқушылар сарайының қабырғасында бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылық педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын жиын бұл жолы 20-ға тарта маманның басын қосты. Шара сурет салудың бастапқы кезеңдеріндегі жұмыс технологиясы туралы шеберлік сағатынан басталды. Қосымша білім беретін ұстаздар мұнда түрлі композиция жасауды және заманауи технологияларды игере отырып, қиялдағы дүниені қағазға түсіреді. Бұл мамандықтың қыр-сырын жақынырақ тануға жол ашады. Сонымен қатар, өздерінен тәлім алатын балаларға да жаңашылдық болмақ. Семинарға айыртаулық Мейірбек Тоқанов та қатысып жатыр. Оның 12 жылдық еңбек өтілі бар.
МЕЙІРБЕК ТОҚАНОВ, қосымша білім беру орталығының бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылық пәнінің оқытушысы, Айыртау ауданы:
– Бүгінгі өтіп жатқан облыстық семинарға қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Бұл шара жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Осындай семинарлардан алған тәжірибемізді орталықтағы балалармен бөлісеміз. Мысалы, бүгін суретті әртүрлі бағытта салуды үйреніп жатырмыз. Заманауи техникаларды қолданып көрудеміз.
Ақжүніс Мұқатай