Денсаулық сақтау

Мәжіліс депутаттары емханамен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мамбетов пен Дмитрий Колода “Жас Өркен” ықшам ауданында ашылған №1-ші қалалық емхананың филиалымен танысты. Су жаңа нысан былтыр қазан айында халық игілігіне берілді. Екі қабатты ғимаратты тұрғызуға және жарақтандыруға 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. 30 мыңнан астам теріскейлікке арналған филиал бір ауысымда 250 жанды қабылдауға қауқарлы.

НИКОЛАЙ НОВИКОВ, №1 қалалық емхананың директоры:

– Емхана заманауи талапқа сай жарақтандырылған. Барлық диагностикалық қызмет түрі қолжетімді. Мұнда рентген, флюография, эндоскопиялық кабинет, функционалдық диагностика аппараттары бар.

НИКОЛАЙ НОВИКОВ, №1 қалалық емхананың директоры:

– Қазіргі таңда 300-ге жуық маман халыққа қызмет көрсетеді. №1 қалалық емхананың директоры Николай Новиковтың сөзінше, кадр тапшылығы мәселесі жоқ. Депутаттар нысанды аралау барысында ем іздеп келген қала тұрғыны бұйымтайын алға тартты.

Мүгедектерге қатысты оңалту мәселесі шешсе екен деймін. Бұл жерде бар, бірақ қолдану мүмкіндегі шектеулі. Өзім де, күйеуім де мүгедекпіз. Дәрігерлер оңалтуға барыңыздар дейді. Бірақ, оған қажетті жабдықтардың саны аз.

Мәжіліс депуттары мен мекеме басшысы мәселені мұқият тыңдады. Алдаға уақытта проблема өз шешімін табады деп сендірді.

ЕРКЕБҰЛАН МАМБЕТОВ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Халық көбіне жолға қатысты, білім саласына қатысты мәселелерді алға тартып отыр. Әсіресе, Ғ.Мүсірепов ауданында республикалық 2 бағыттағы жолдың сапасы өте төмен. Мұны бірінші күні облыс әкімімен кездескен кезде де талқылағанбыз. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламада газдандыруды қарастырған болатынмын. Соны да сұрап жатыр. Жауап беріп жатырмын.

Жалпы, атқамінерлердің өңіріміздегі сапары 3-ші қаңтарда басталған. Осы уақыттың ішінде олар Есіл, Айыртау, Ғабит Мүсірепов аудандарындағы ахуалмен танысқан екен.

 

Ақжүніс Мұқатай